Бурабай ұлттық паркі: мұнда қалай демалуға болады?

Халық «Бурабай» ұлттық паркін «Қазақстанның кіші Швейцариясы» деп атайды. Шын мәнінде солай ма? Ол жерде айнадай көлдер, қалың ормандар, биік таулар бар ма? Ауасы қалай? Не себепті Бурабай Қазақстанның ең керемет курорты болып саналады және мұнда қалай демалуға болады? Бұл сұрақтардың барлығына Welcome to Kazakhstan жобасының кезекті шығарылымында жауап береміз!