Otandastar

Otandastar

«Otandastar» телевизиялық жобасы ата-бабаларының жеріне оралып, осында өздерінің жаңа өмірлерін салып жатқан отандастарымыз туралы.

Тарихи, саяси және көші-қон процестерінің салдарынан бүгінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде 3 миллион этникалық қазақ тұрады. Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап отандастарын тарихи отанына қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізе бастады. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жылдар ішінде қандастарды қайтару және қолдау жөніндегі бірқатар бағдарламаға бастамашылық жасап, оларды іске асырды. Соңғы 25 жылда Қазақстанға оралған этникалық қазақтардың саны бір миллионнан асты. Алайда статистиканың осы құрғақ сандарының артында өз болашағы мен балаларының болашағын Қазақстанмен байланыстыратын нақты адамдардың тағдыры тұр.

×