Қазақ квест

Қазақ квест

Бұл – Қазақстан қалаларын жүргізушіміз Айдынның көзімен танып-білуге мүмкіндік беретін квест элементтері бар, ойынға құрылған трэвел-шоу.

Бағдарлама міндеттері:

 - Қазақстан тұрғындарына және бүкіл әлемге республика қалаларының бірегейлігін, әсемдігін және қайталанбас ерекшелігін көрсету. Әр қаланың ерекше атмосферасын және өзіндік ерекшелігін сезінуге мүмкіндік беру.

 - Әр қаланың негізгі көрікті жерлерін көрсетіп, оған қонақтар мен туристердің назарын аудару, осы арқылы елімізге деген қызығушылығын арттыру.

- Көрерменге Қазақстан қалалары туралы қосымша ақпарат алуға, тарихқа үңілуге, өзінің ой-өріс деңгейін арттыруға, сондай-ақ ішкі туризмге назар аударуына мүмкіндік беру.

Бағдарлама ойын түрінде өтетіндіктен, ол әрбір көрерменге бағдарлама кейіпкерлеріне жанашырлық танытуына, ойын барысында өз білімдерін тексеруіне мүмкіндік береді. Бағдарлама жүргізушісі ешкім жол көрсетпей-ақ, гидтің көмегінсіз саяхаттайды, әрбір межелі пунктте оны өз қаласы жайында көп нәрсе білетін жергілікті тұрғын күтіп алады.

Кейіпкерлерге арнайы қосымша орнатылған планшеттің көмегімен сол жердің тарихы жөнінде тапсырма беріледі. Бір жерден екінші жерге жету үшін ребусты шешіп, бағыт пен тапсырманы анықтап, тапсырманы орындауы керек.

Квесттің барлық тапсырмасын орындау үшін 24 сағат қана уақыт беріледі. Басты міндет – берілген уақыт ішінде барлық сынақтардан өтіп, қаланы жаңаша танып-білу.

×