Мұражайға саяхат

Мұражайға саяхат

«Мұражайға саяхат» жобасы.

Мұражайлар – қаланың заманауи әрі рухани тыныс-тіршілігінің ажырамас бір бөлшегі. 2020-жылғы пандемия салдарынан мұражайлармен қатар басқа да өнер нысандарының жұмысына бірқатар өзгертулер енгізілді. Әлем өзгеріп, адамдар қатаң қауіпсіздік шараларын сақтауға мәжбүр болды. Осыған байланысты, бүгінде онлайн-экскурсиялар үлкен сұранысқа ие болып келеді. Жоба жүргізушісі – тәжірибелі өнертанушы Екатерина Резникова. Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында экскурсия өткізетін ол есімі елге танылған суретшілердің тағдыры мен шығармашылығы, белгілі туындылардың тарихы мен сыры жайлы баяндайды. Сондай-ақ әрбір бағдарламаға теңдессіз туындылардың тарихымен бөлісетін сарапшылар қатысады. 

«Мұражайға саяхат» тележобасы мұражайда сақтаулы тұрған керемет суреттер мен мүсіндерді, ерекше топтамаларды  көрсетумен қатар, шетелдік көрерменнің Қазақстанның мәдени кеңістігіне деген қызығушылығын арттыруға септеседі.  

×