Мәңгілік мұра

Мәңгілік мұра

Бүгінде Қазақстанның аумағында өте ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Елеке сазы қорымы, Ақбауырдағы археологиялық ескерткіштер кешені, Берел қорымындағы хунну-сяньби ескерткіштері, Солтүстік Қазақстан облысындағы Алтын орда кезеңінің кесенесі, Қарағанды облысындағы сақ дәуірінің обалары және тағы басқасы зерттеу нысанына айналды. Барлығында ірі археологиялық жаңалықтар ашылды.

Бұл тамаша зерттеулер туралы республикалық және халықаралық БАҚ-та жан-жақты әрі терең баяндалуы керек. Ғылыми-танымал деректі фильмдер циклі 2020 жылғы археологиялық маусым барысында түсірілді және Қазақстан аумағындағы ең маңызды зерттеулер мен қазбаларды қамтиды.

Көрермендер археолог деген мамандықтың сырына қанып, Қазақстан тарихын таниды. Еуразия өркениетінің дамуына түрлі тарихи дәуірде осы өңірде тұрған халықтардың қосқан үлесін, олардың бүгінгі тарихқа ықпалын білетін болады.

Елеке сазы қорымы

Елеке сазы қорымы

Обаны Әбдеш Төлеубаев алғаш рет 80-жылдардың соңында көрген екен. 20 жылдай бұрын археологтардың назары Елеке сазына түседі.

×