Табиғатпен тілдесу

Табиғатпен тілдесу

Адам мен табиғат арасындағы байланыс – көптеген ғасырлар бойы адамзатты толғандырып келе жатқан тақырыптардың бірі. Қоршаған ортаның бір бөлшегіне айналған адам табиғатты қалайша қорғай алады? Табиғат пен адам арасындағы үйлесім қаншалықты мықты болуы керек? Экологиялық тепе-теңдікті сақтау жолдары мен жан-жануарлар, оның ішінде шөлейттер мен жазық далалардың жыртқыш аңдары туралы не білеміз? Қазақстанда орналасқан қорықтар мен ұлттық парктерді дамыту мен туристерді тарту жолдары. Деректі жобада осы мәселелер қозғалады.

Сонымен қатар, аталған бағдарламада – тірі табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас,  адамның экологиялық ахуалды жақсартуда алар орны, Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары туралы кеңінен баяндалады. Еліміздің қорықтарында мекендейтін аңдар туралы қызықты ақпараттармен бөлісеміз.

Бағдарламаны журналист Сергей Пономаревтің жүргізуі бекер емес. Экология мен биология салаларын зерттеп жүрген тілші, еліміздің жануарлар және өсімдіктер әлемі жайлы біраз нәрседен хабардар. Сонымен қатар ол шетелден Қызыл кітапқа енгізілген түркімен  құландарын, Пржевальский жылқылары мен тарпаң жабайы жылқысын Қазақстан аумағына әкеліп, жерсіндіруге бағытталған зоологиялық шараларға белсенді қатысқан адамдардың бірі.

Қазақстанда мекендейтін жәндіктер

Қазақстанда мекендейтін жәндіктер

Таудың баурайында өсетін хош иісті сан алуан гүлдер мен олардың басында құжынап ұшып жүретін – ара, инелік пен көбелектер – өз алдына бөлек бір тіршілік секілді.

×