Азия өрнегі

Азия өрнегі

«Азия өрнегі» телевизиялық циклі – бұл біздің өмірімізді түрлендіретін, әрлендіретін, мәнді ететін сан алуан бояулардың жиынтығы деуге болады. Әрбір шығарылымда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан елдерінің мәдени өмірі, спорттағы жетістіктері, шығармашылыққа толы кештері, дәстүрі мен ата-салты туралы баяндаймыз. Бағдарлама кейіпкерлері – көнеден шабыт алған, ғұрыптан алыстамаған, халқының өткенін бүгінмен жарасымды үйлестіре білген, тарих пен қазіргі заманды үндестіруге ұмтылған бірегей тұлғалар. Олар – талантымен талайларды тәнті ететін және ешкімге ұқсамайтын ерекше музыканттар, актерлер, режиссерлер, суретшілер, дизайнерлер, ақын-жазушылар, спортшылар, зергерлер, сондай-ақ басқа да кәсіп иелері.

×