Алтын Орда

Алтын Орда

«Алтын Орда» жобасы

Бұдан 750 жылдай бұрын кең-байтақ Еуразия жерінде, Алтын Орда мемлекеті құрылды. Қазіргі Қазақстан жерінің басым бөлігі – осы Алтын Орданың иелігінде болды.

Моңғол империясы әлем бойынша ең үздік, теңдесі жоқ әскер құрды. Оның жеңімпаздығының сыры неде еді? Көшпенді мемлекет сауда-саттық жүйесі дамыған, қалалардан тұратын мемлекетке қалай айналды? Алтын Орда хандарының даңқы қалай шықты? Олар билеген тұста қандай реформалар жүзеге асып, қандай заңдар қабылданды? Бұл мемлекеттің тұрғындары қандай дін ұстанды? Ислам діні қай уақытта, қай ханның тұсында ресми дін болып танылды?

×