Мамандарды тыңдасақ

Мамандарды тыңдасақ

Ақпараттық-танымдық «Мамандарды тыңдасақ» бағдарламасы – COVID-19 бойынша сұхбаттар топтамасы. Жүргізуші Серік Ақышев коронавирус инфекциясы туралы өзекті мәселелерді отандық және шетелдік мамандармен бірге сарапқа салады. Сондай-ақ жобада коронавирустан кейінгі қалыпқа келу мәселелері сөз болады.

Тележоба Қазақстан мен өзге елдегі көрермен қауымға COVID-19 туралы маңызды және қажет ақпараттарды тікелей мамандар мен ғалымдардың өз аузымен жеткізуді көздейді. Атап айтқанда: COVID-19 профилактикасы, диагностикасы мен ем-шаралары, коронавирус жайлы қауесеттер мен жаңсақ ақпараттар, карантин шараларының қажеттілігі мен маңыздылығы, өзін-өзі оқшаулау, бетперде тағу, физикалық реабилитация тақырыптары көтеріледі.

×