Әсем әуен

Әсем әуен

«Әсем әуен» – бұл әр кезеңдегі халық сүйіп тыңдаған әншілердің басын қосатын, әр заманда көптің көңілінен шыққан әсем әндерді талқыға салатын музыкалық шоу. Бағдарламаның басты қонақтары: әртістер, сазгерлер мен ақындар.  Күні бүгінге дейін қазақ музыкасына өз үлесін қосып жүрген танымал өнер иелерінен бөлек, көзі тірісінде зор қошеметке бөленіп, алайда келмес сапарға аттанған сырлы сазгерлердің де жарқын бейнесі сөз болады. Сонымен қатар талғамы биік тыңдарман үшін тағылымды әрі әуезді әуен сыйлауға тырысқан таланттардың қайталанбас туындылары да әңгімегенің өзегіне айналмақ.

«Әсем әуен» бағдарламасы арқылы көрермен аты аңызға айналған тұлғалардың өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, қайта оралмас, сағымға айналған сәттеріне бірге саяхат жасайды.

Жоба мақсаты: Қазақ өнеріне өз үлесін қосқан белгілі тұлғаларды дәріптеу және олардың елеулі еңбегін халыққа насихаттау.

2000-шы жылдардағы әндер

2000-шы жылдардағы әндер

Бұл шығарылымда 2000-шы жылдардағы хит әндер әнсүйер қауымға ұсынылады. Жаңа ғасырдың қандай әуендермен басталғанын бірге еске түсірейік!

×