Сәлем, Қазақстан!

Сәлем, Қазақстан!

«Сәлем, Қазақстан!» – бұл Қазақстанға келуді  жоспарлап жүрген жандар үшін таптырмас ТВ-гид. Бұл біздің мәдениетіміз бен өмірімізге жаңадан үйренісу барысындағы оқиғалар жиынтығы; бұл туған еліміздің бізге үйреншікті боп кеткен тұмса табиғаты мен сұлулығына басқа қырынан немесе шетелдіктің көзімен қарау мүмкіндігі. Бағдарламаның кейіпкерлері – Қазақстанда тұратын және мәдени, тілдік байлығын және тұрмыстық өміріміздің аспектілерін ашып беретін шетелдіктер. Жоба кейіпкерлеріне арналған әр тың тақырып – олар үшін жаңа ортаға ену мүмкіндігі, осы уақытқа дейінгі бейтаныс өмірді көруге деген мүмкіндік. Біздің кейіпкерлеріміз Қазақстанда ұзақ уақыт тұрып, осы елдің, жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін танып үлгерді. Және олардың алғашқы әсерлері бәсеңдей түскені рас. Қазір олар қазақ тілін үйренуде.

Осылайша, олар кадрда екі тілде – яғни ағылшын және қазақ тілдерінде әңгіме өрбітіп, сонымен қатар, көрерменге аталмыш тілдердің лингвистикалық ерекшеліктерін айтып, түсіндіреді.

Сәлем, Қазақстан!

Ғасырлар қойнауына экскурсия

Ежелгі артефактілер, тарихи құжаттар, ғалымдардың айғақтары мен ұлы адамдардың жеке заттары біздің қаламыздың тарихын толықтырып, ерекшелендіре түседі.

Сәлем, Қазақстан!

Корё-сарам тарихы

«Салем, Қазақстан!» бағдарламасының бұл шығарылымы Корё-сарам тарихына арналады. Қазақстандағы корей диаспорасының өкілдері өздерін осылай атайды.