
Біздің қоршаған дүниенің барлығының өз тарихы, шығу тегі бар. Кейде қолыңа бір затты алғанда, бұл қалай жасалды екен деген сұрақ туындап жататыны рас. Иә, ол қарапайым қарындаш болуы мүмкін. Бұл маңызды емес. Бастысы, аталмыш жоба белгілі заттар жайлы беймәлім ақпарат береді.
«Бұл қалай жасалған?» - идеядан басталып, туындының жасалу жолы мен дайын болғанға дейінгі барлық кезеңі туралы баяндайтын бірегей жоба. Бұл – түркі халықтарының ежелгі қолөнері мен заманауи өндіріс ошақтары туралы сыр шертетін ауқымды бағдарлама.