Біз жайлы

Jibek Joly

Jibek Joly телеарнасы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК құрылымына кіреді. Телеарна 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақ және орыс тілдерінде хабар тарата бастады. Ел ішінде Jibek Joly - Silk Way арнасының отбасылық ойын-сауық нұсқасы ретінде көрсетіледі.

Арнаның негізгі бөлігі отандық өнімдерден тұрады. Олардың қатарында: «Уәде» және «Фокус внимания» ақпараттық-талдамалық бағдарламалары, «Мархабат», «JJ Talk» ток-шоулары, «Біздің дәрігер» ақпараттық-танымдық бағдарламасы, «Түнгі студия», «Жақсы адамдарым» «Төрлетіңіз!» «Жұлдызбысың?» ойын-сауық жобалары т.б. Сондай-ақ Jibek Joly эфирінде әлемдік кино жауһарларының мегахиттері, қазақ тілінде дыбысталған танымал телесериалдар мен анимациялық фильмдер, Silk Way мұрағатындағы үздік жобалар бар.