
Волонтерлік – бұл кең ауқымды қызмет. Оның ішінде өзара көмек пен өзіне-өзі көмек көрсетудің дәстүрлі түрлері, әртүрлі қызметтерді ұсыну және басқа да көмек түрлері. Бұл таза түрдегі жақсылық – адамдарға деген сүйіспеншілік, жануарларды қорғау, табиғатқа қамқорлық... Волонтерліктің көптеген формасы бар және әркім өзіне ұнайтынын таба алады. Демек, бұл іс-әрекетке бүкіл әлем бойынша көптеген адам қатыса алады. Жобаның идеясы – жақсылық жасау оңай және жағымды екенін және кез келген адам өз жасына, қызығушылығына қарамастан волонтер бола алатындығын көрсету.