Ашық әңгіме

Ашық әңгіме

2020-жылы күллі әлем жұқпалы әрі қауіпті COVID-19 індетімен бетпе-бет келді. Адамзат өміріне үлкен қауіп төндірген дерт әлемдік экономика, денсаулық және білім беру салаларына едәуір нұқсат келтіргені белгілі.

Қазақстан пандемияға қаншалықты дайын болды? Отандық экономиканы ретке келтіріп, қоғамды сақтандыру мақсатында қандай іс-шаралар қолданылды? Өзге мемлекеттердегі ахуал қандай? Білім беру мен денсаулық сақтау салалары жүргізген шаралар қаншалықты нәтижелі болды? Жұқпалы індет салдарынан жабылып қалған мәдениет ошақтары қалай күн көруде? Күллі әлемді жайлаған вирусқа қарсы шығарылып жатқан жаңа вакциналар жайында не білеміз? Елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстан үкіметі қандай нақты іс-шара қолдануда? Бағдарлама осы көкейтесті сауалдарға жауап іздейді. 

Аталған жоба онлайн-режимде өтеді. Бағдарлама жүргізушісі, танымал журналист  Сергей Пономаревтің сауалдарына білікті, тәжірибелі мамандар жауап бермек.

×