Солтүстік Қазақстан тарихи-өлкетану музейіндегі құнды жәдігерлер

Солтүстік Қазақстан тарихи-өлкетану музейіне ескі фотосуреттер мен аңдардың тұлыптары ғана қойылған деп ойлау қателік пе? Экспозициядағы әрбір панорама неге арналған? Палеолит дәуірінен біздің уақытқа дейін саяхат жасау үшін қанша залды аралау керек?

Музей сонау 1924 жылы пайда болды. Құрылғаннан кейін бірнеше жыл мекен жайын ауыстырды. Ақыры 1968-де мемлекет көпес Аркельдің үйін ұсынып, құнды жәдігерлердің барлығы көшірілді. Содан бері мұражай даму үстінде. 1985 жылы мұнда бейнелеу өнері бөлімі ашылды. Ал XI ғасырда залдар ауқымды қайта жаңғыртудан өтті.