«АЛЖИР» лагеріндегі әйелдердің азабы...

Әр адамның жадында өшпес із қалдыратын музей қайда орналасқан? Тарихтың қанды беттерін есте сақтау қаншалықты маңызды? Сталиндік лагерьлердің тұтқындары нендей сынақтардан өтті?

Туристік нысандар мен музейлер әрдайым көңіл көтеру орны бола бермейді. Мысалы, әлемдегі ең танымал музейлердің бірі – Польшада орналасқан бұрынғы Освенцим немесе Аушвиц лагері. Оның міндеті – адамдарға тарихта болған және енді ешқашан қайталанбауы тиіс оқиғалар туралы айту. Мұндай орын өзіміздің Ақмола облысында да бар. Ол – саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының АЛЖИР музей-мемориалдық кешені. Бұл аббревиатура қазақшалағанда «Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола легарі» дегенді білдіреді.