Қасиетті Баянауылдың аңыз жартастары мен таулары

Баянауыл ұлттық паркімен байланысты қандай аңыз әңгімелер бар? Мұндағы жартастарды неге ұқсатуға болады? Туристер жер шарындағы ең ежелгі тауларда өздерін қалай сезінеді?

Баянауыл ұлттық паркі – жабайы табиғаты өте көне мекен. Баянауылдың таулары және көлдерімен байланысты аңыздар да жетерлік.

Баянауыл ғажайыптарының бірі – ерекше жартастар. Ең танымалдарын Жасыбай көлінің маңынан табуға болады. Мәселен, «Найзатас» жартасы. Бұл нысанды тарихшылар Қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған Жасыбай, Олжабай және Қабанбай батырлардың есімдерімен байланыстырады. Алайда жартастың халық арасындағы атауы мүлде басқа. Көпшілік оны «Бөлке нан» деп атайды.

×