Қазақ опера және балет өнерінің тарихы

Қазақтың алғашқы опера және балет театрының тарихы, құпиялары мен қызықты оқиғалары. Қазақ халқы көне заманнан бері өнерді жоғары бағалап, талай тамаша туындыларды өмірге әкелген. Әсіресе ел өміріндегі маңызды оқиғалар, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, ән және музыка арқылы болашақ ұрпаққа жеткізе білген. Ұлы даланы мекендеген көшпелі жұрттың жадында жат қалған мыңдаған жыр-дастан соның дәлелі. Уақыт өте келе қазақ жерінде заманауи өнердің жаңа түрі пайда болды. Көп ұзамай осы опера мен балет өнері ұлтымыздың ажырамас бір бөлігіне айналып, дами бастады.

Өткен ғасырдың 20 жылдары музыкалық драма ұжымы құрылды. Ол қазіргі опера және балет театрының негізі болды деуге әбден болады. Театрдың алғашқы спектакльдерінде кімдер ойнады? Әртістің өмірі жеңіл ме әлде қиын ба?