Қырым түбегі – Қырым татарларының жауһары

Қырым түбегі. Тарихына үңілсек, ғасырлар бойы бұл ғажап өлкені көптеген елдер мекен еткен. Солардың арасында көне түркі тайпалары да бар. Одан бері келе Қырым хандығының іргетасы да осы түбекте қаланған. Өткен дәуірдің мәдениеті мен тарихын бүгінге дейін сақтап келе жатқан байырғы түркі халқы – қырым татарлары. Біздің мақсат – осы бауырлас елмен жақынырақ танысу.

Еуропаның оңтүстігінде жалпы аумағы 25,5 мың шаршы шақырымды құрайтын табиғаты ғажап бұл мекен Перекоп мойнағы арқылы Шығыс Еуропа жазығымен ұштасып жатыр.

Бұл жер ежелгі дәуір мен орта ғасырда өткен ірі тарихи оқиғалардың, Еуразиядағы саяси және мәдени процестердің қайнаған ортасы болды.