COVID-19: Жапонияда Олимпиаданың өтуіне наразы жұрттың саны артуда

Жапонияда вирус жұқтырғандар мен алдағы Олимпиаданың өтуіне наразы жұрттың саны артуда.

Жапония COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны бойынша төменгі деңгейлі елдердің қатарында болып, пандемия басталғалы бері 130 млн халқы бар елде 11 мың адам вирустың құрбаны болған екен. Бірақ көрсеткіштердің төмен болуына қарамастан, қазір бұл елде вирус белең алып барады. Сондай-ақ жаңа технолгиялар саласында бүкіл әлемді басып озатын Жапония вакцина егу қарқыны бойынша тым артта қалып келеді.

Аустралия 2022 жылдың ортасына дейін өз шекарасын жапты.

Теннис бойынша әлемге танымал «Australia Open» турнирі де өтпей қала ма деген қауіп бар, жарыс мүлде өтпеуі де немесе басқа елде өткізілуі де мүмкін. Бұл шара 2022 жылдың басына жоспарланған болатын. Бірақ Аустралия құрлығының билігі өз шекарасын 2022 жылдың ортасына дейін шетелдіктер үшін ашпаймыз деп отыр. Спортшылар Дубайда немесе Дохада әлемнің бірінші ракеткасы атағына бәсекелеседі деп күтілуде. Турнирдің 100 жылдан астам тарихында екі-ақ рет Аустралиядан тыс жерде – Жаңа Зеландияда өткізіліпті.

Украинада вируспен қалай күресуде?

Жер әлемінің екінші жағы – Украинада жағдай сырттай қарағанда бірқалыпты көрінеді, бетперде тағып жүрген адамдарды және пандемияның басқа да белгілерін сирек кездестіруге болады. Жұқтырудың үдемелі кезеңі өтсе де, елдегі қазіргі жағдай мәз емес. Украина әлемдегі жұқтыру саны бойынша көшбасшылардың бестігіне кіреді.

Осы және басқа да жаңалықтар «Стоп Ковид» бағдарламасының жаңа шығарылымында.