«Астана» баскетбол клубының басты жоспары қандай?

Отандық баскетбол жанкүйерлеріне Эмиль Райковичтің есімі жақсы таныс. Македониялық маман «Астананы» 2018 жылдан бастап жаттықтырып келеді. Алғашқы маусымның өзінде ол ВТБ-лигасының үздік бапкері болып танылды. Эмиль Райкович Ұлттық құраманың жігіттерін де жаттықтырады. Біздің команда Азия Кубогінің негізгі тобына жолдама алды.

Қазақстан құрамасы жолдама алған Азия Кубогі тамыз айында Индонезияда өтеді. Додада құрлықтың үздік 16 командасы бақ сынайды. Кубоктің ақтық кезеңіне өту маңызды. Себебі бұл Әлем чемпионаты мен Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл байрақты бәсекелерде Қазақстан ұлттық құрамасы әлі бой көрсеткен жоқ.

Осы орайда Эмиль Райковичтің Ұлттық құрама жайлы пікірі мен баскетболдағы жаңа есімдер, сондай-ақ бас бапкер ретіндегі арманы туралы айтқанын бағдарламаның осы шығарылымынан толығырақ біле аласыздар.

Сондай-ақ Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығының бүгінгі тынысы мен келешегімен таныс боласыздар.