Билеушінің ажалсыз адаммен құпия кездесуі

Отырарар шаһары күйрейтін жылы Даос монахы Чан-Чунь есімінің өзі естіген жанның үрейін ұшыратын әміршіден шақыру алған. Шыңғысхан оның келуін, тіпті өтінген көрінеді.

«Мен бақташылар, табыншылар секілді күй талғамаймын, қарапайым киінемін, кез келген асты қанағат тұтамын. Жұртқа сәбиді мәпелегендей күтіп қараймын, жауынгерлерге өз бауырымдай ықылас танытамын. Тілеуіңді берсін, маған өмірді ұзартатын сусын жайлы айтып бер». Шыңғысхан.

Әміршінің өтінішін қабыл алған монах Солтүстік Қытайдан Ауғанстанға, одан әрі Үндістанға сапар шегеді. Себебі Шыңғысхан сол уақытта аталған елдерде жүрген. Бірақ сопы басқа бағытты таңдады. Қалай жол тапты? Ғажайып дәрі-дәрмегімен бөлісті ме? Мәңгі өлмейтін адамның құпия бағытын бақылау, мәңгілік өмірдің құпиясын ашу.

Құдіретті билеушінің ажалсыз адаммен құпия кездесуі. Мәңгі өмір сүрудің амалы бар ма? Олар қалай бір уақытта дүниеден озды. Ұлы дала. Шыңғысханға арналған сиқырлы сусын, «Құмсағат» бағдарламасынан көріңіздер!