«Қазақ Квест»: Айдын Жасыбай өз ойынын Нұр-Сұлтан қаласында жалғастырады

Бүгін Айдын Жасыбай елордамыз Нұр-Сұлтанға аттанады. Бұл жолғы гид Марат Айтімбай тапсырмаларды түсінуге көмектесіп, қаланың көрікті де көрнекі жерлерін таныстырып, астанамыздың бойында бұғып жатқан басты құпияны ашады. 

Нұр-Сұлтан – 1997 жылдан бері Қазақстан республикасының астанасы. Осы уақыт ішінде қаланың атауы бірнеше рет ауысты. Қазіргі аты 2019 жылы берілді.

Қалада «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» атты төрт аудан бар. Мұнда 1 миллионнан астам адам тұрады. Қала табиғатындағы ең әсем жерлердің бірі – астананы екіге жарып ағып жатқан ерке Есіл. Бұл қала тағы несімен таң қалдыра алады? Бағдарламада білетін боламыз.