«Дос-Мұқасан» ансамблінің әндері / Концерт

Бүгінгі шығарылым «Қазақ Битлзына» айналған аңыз топ – «Дос-Мұқасан» шығармашылығына арналады.

Ливерпулдық төрттікке қарағанда бұл топтың тарихы жарты ғасырға созылып келеді. «Битлз» жеті жылдың ішінде шығармашылық жолын бастап аяқтаса, дос-мұқасандықтар сол уақытта алты құрлыққа да танымал болып, ескі әлемнің сахналарында өнер көрсеткен.

Атауына дейін ерекше бұл топ қазақ әніне жаңа өмір сыйлаған. Қалай десеңіз, бұрын соңды естімеген рок музыканың ырғағына ұлттық әуенді салған. Өткен ғасырдың 60-70-шы жылдары ең бірінші болып шыққан туындылары толығымен дәлел.

Бүгінгі кеште «Дос-Мұқасан» ансамблінің аңызға айналған әндерін ести аласыздар.