Қазақстан сарқырамалары

Қазақстанда сарқырама көп, бірақ бағдарламамыздың бүгінгі шығарылымында біз солардың ішіндегі ең үлкен екеуіне ат басын тірейміз. Олар: Қора өзенінің жоғарғы жағында орналасқан Бұрхан-Бұлақ пен Мұзтау шыңының жанындағы Көккөл сарқырамасы. Алайда, біз әдеттегідей, сарқырамалардың әсем көрінісін арқау ете отырып, құпия сыры мен жасырын жұмбағы көп жабайы табиғат әлеміне саяхат жасаймыз.