Шығыс Қазақстан облысы. Батыс Алтай өңірі

OutdoorKZ командасы бұл жолы Шығыс Қазақстан облысына аттанады. Мақсат – Батыс Алтай өңіріне тән жан-жануарлар және өсімдіктер дүниесімен танысу.

Батыс Алтай қорығына, «Қара Үбі» аң аулау шаруашылығы.

Жан-жануарлардың Таулы Алтай республикасынан Шығыс Қазақстан жеріне ауып жатқан көктемгі көшін көргіңіз келсе, ендеше осы бағдарлама сізге арналған.       

Шығыс Қазақстан облысының ормандарының алыптығы сонша, Еуропаның орташа бір мемлекетін оп-оңай жасыра алады.

Географтар Оңтүстік, Батыс және Қалба Алтайын шартты түрде жеке-жеке жатқан таулы аудандар деп бөледі. Ал шын мәнінде, Оңтүстік және Батыс Алтай – бір тау жүйесін құрайды. Ол Ертістің оң жақ жағалауын бойлап, 500 шақырымға созылып жатыр. Ал Қалба Алтайы солтүстік жағалауда орналасқан.

Әрбір тау жүйесінің жер бедері мен климаты өзінше ерекше, өсімдіктер әлемі мен жан-жануарлар дүниесінің де өзіне ғана тән бірегей түрлері бар.