Алтай-Саян экоаймағына саяхат

OutdoorKZ бағдарламасының бүгінгі шығарылымы Алтай-Саян экоаймағына арналады. Дүниежүзілік Жабайы табиғат қорының сарапшылары осы трансшекаралық таулы өлкені жаһандық деңгейдегі экологиялық мәні бар 200 аумақтың тізіміне кіргізді.    

Еуразия құрлығының кіндігінде, төрт мемлекеттің (Қазақстан, Ресей, Монғолия және Қытай) тоғысқан жерінде қанатын кеңге жайып, таулы өлке – Алтай-Саян тау жүйесі жатыр. Бұл жерден төрт мемлекеттің әрқайсысы өзінің шама-шарқына қарай, Айрықша Қорғауға алынған аумақтар ашуда. Алайда бәрінің ортақ бір мақсаты бар – мына көркіне көз тоймайтын өлкені тірі экожүйе ретінде сақтап қалғысы келеді.  

Алтай-Саян экоөңірі ЮНЕСКО Дүниежүзілік табиғи мұралар тізіміне енгізілген. Сондай-ақ өңір – Сібір тайгасы мен Ұлы даланың және монғол шөл даласының тоғысқан жері. Сондай-ақ, Ертіс, Обь, Енисей сияқты үш алып өзен бастауын осы жерден алады.

Ал Алтай-Саян экоөңірінің барысы – бөлек әңгіме! Толығырақ бағдарламамыздан көре аласыздар.