Экосән. Экологиялық таза матадан тігілетін киімдер

Бүгінде экология мәселесі трендке айналып отыр. Оған сән индустриясы қайта өңделген материалдардан топтама дайындап, үн қосуда. Fast Fashion өркендеген сайын, минимализм мен тұтынудағы ұстамдылық туралы көп айтыла бастады. Осының бәрі көшпенділердің материалдық мәдениетінен қалай көрініс табуда? Қазақстандық дизайнерлер қай жағынан ұтқысы келеді? Oriental Vintage бағдарламасының жаңа шығарылымында - осы және өзге де мәселелерді қозғаймыз.     

Көшпенділер қала тұрғызған жоқ. Олар жүннен, былғарыдан, киізден жасалған, ғұмыры қысқа дүниелерді пайдаланды. Олар баспана, киім, тұрмыстық бұйымдар деген сияқты, даланың бар бергенін уақыты келгенде өзіне қайтарып отырды. Бұл айналадағы, өзін қоршаған ортамен үндестік тапқан, ерекше экологиялық таза өркениет еді. Ал қазіргі қазақстандықтар дала экологиясын қайтадан үйреніп жатыр.