«Долан» би-ансамблінің жетекшісі Бақтияр Имран

Бақтияр Имран – биші, хореограф. «Долан» би-ансамблінің жетекшісі. 50-ге жуық ұйғыр ұлттық би қойған. Алматы облысы Ұйғыр ауданында кәсіптік білім алған. Қытай Өнер мектебін бітірген. 2018 жылы Түркияда өткен дүниежүзі хореографтарының фестивалінде «Үздік хореограф» номинациясын жеңіп алған.