Смайыл және Софья. Қайратты, жалынды, рухы асқақ жастар

Смайыл Дүйсебай — таэквандодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі. Өзінің салмақ дәрежесі бойынша Бүкіләлемдік таэквандо федерациясының рейтингісінде 8-ші орында тұр. 2018 жылы Египетте өткен халықаралық турнирде Смайыл алтын медальға қол жеткізді. 

Софья Берульцева - каратэ-додан халықаралық сыныпты спорт шебері. Қазақстанның Ұлттық құрамасының сапына кіреді. Азияның екі дүркін чемпионы. 2017 жылы әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Каратэ-до бойынша қыздар арасындағы абсолюттік салмақта әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр.