Петр Беловтың картиналарында тұнған сыр

Петр Белов – қазақстандық суретшілердің қатарында өзіндік орны бар қылқалам иесі. Ол өзінің картиналарында ішкі жан толғанысын, сынаптай сырғыған өмірдің сұлуғы мен жалғандығын сырлы бояумен жеткізеді.

Оның картиналарын көргенде бойыңды белгісіз күш кернеп, бірден ғашық болып қаласыз. Сан түрлі бояумен құбылтқан керемет көріністерінен жаның тебіренеді. Ертегідей таңғажайыптың бәрі Петр Беловтың картиналарында орын алып тұрғандай болып көрінеді. Әсіресе оның жаз мезгілін ерекше жақсы көретіндігін «Тамыз» деп аталатын еңбегінен анық аңғарасыз. Ол жайма шуақ жаз мезгілін айрықша реңктермен әсерлі жеткізе алған. Ендеше жүрекке сәуле құятын «Тамыз» натюрморттарын тамашалап көріңіздер.