Сержан Башыров - тамырын дәстүрден алып зергерлік өнерді заманауи етіп жалғастырушы

Сержан Баширов -дизайнер, зергер, суретші. Ол уақыт талабынан қалмай көшпенді халықтың асыл мұрасын жаңғыртып, оған өлеңдей өрілген өзінің жеке авторлық қолтаңбасын қосып өнердің нәзік қырларын жан-жақты көрсетіп келеді. Оның қолына түскен метал ерекше көз тартып, өзгеше сыңғыр қағып тұрады. Шебердің еңбектерінде көнеден келе жатқан бұйымдар бүгінгі заманауи бағытпен жасалып дәстүрімізге жаңаша рең беруде.

Суретші Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 8 сыныпты бітірген соң Алматы көркем сурет училищесіне оқуға түсуге атанған. Сол кездің өзінде метал өңдеу ісіне қызығып тамаша ұстаз Соловьев Гораций Эрнестовичтен көп дүние үйренген. Ол зергерлік өнерден дәріс берген алғашқы мұғалімі Дүйсен Сейдуалиевті де ерекше құрметпен еске алады.

2011 жылы оның инсталляциядан ауқымды көрмесі өткізіген. Инсталляция - бұл ортақ ойды білдіреді. Толыққанды көзқарастан тұратын арте факт. Табиғи немесе өз қолыңмен дайындалатын еңбектердің жиынтығы.

×