ХВҚ: «Бұрын-соңды болмаған дағдарыс» жағдайында Қазақстан экономикасы қысқарады

Халықаралық валюта қоры әлемдік ішкі жалпы өнім көрсеткші Ұлы депрессия кезінен бері ең төменгі деңгейде болатынын айтты. Мұндай болжам Қазақстанға да қатысты.  IMPACTFUL бағдарламасының жаңа шығарылымында осы маңызды мәселені талқылау үшін Вашингтоннан халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы департаментінің директоры Джихад Азур қосылды. Ол мұнай бағасы тұрақсыз болған жағдайда Қазақстан қалай әрекет етенінін, елдер экономиканың құлдырауына жол бермеу үшін қандай шаралар қолдануы керек екенін айтып береді. ХВҚ Орталық Азия аймағында инфляция деңгейіне қатысты қандай болжам жасап отыр? Пандемия кезіндегі дағдарыс әлемдегі теңсіздікке қалай әсер етеді және әлем қалай өзгереді? Мұның бәрін IMPACTFUL бағдарламасында Ләззат Шатаевамен бірге білеміз.