Шығыс пен Батыс арасында. Қазақстанға көпвекторлы саясат не үшін қажет?

Көпвекторлық, теңдікті сақтау және конструктивизм – Қазақстан сыртқы саясатының басты қағидаты. Мұндай жол елдің геосаяси мәртебесі және географиялық орналасуымен тығыз байланысты.

Мемлекеттің 30 жылдағы саяси даму жолы қандай болды? Қазақстан мемлекеттік шекарасы мәселесінің шешілуі неге дипломатиялық жеңіс аталады? Қазақстан не үшін өзге ел ісіне араласпау саясатын ұстанады? Орталық Азия геосаяси алаңында қандай рөлге ие болу мүмкіндігі бар? Ресей неліктен Қазақстанда қатысуын кеңейтіп жатыр? АҚШ пен Қытайдың әсері қандай?

Бұл туралы әлемдік экономика және саясат институтының басшысы Ержан Салтыбаев пен халықаралық байланыс жөніндегі қазақстандық кеңестің атқарушы директоры Ескендір Ақылбаев ой бөліседі. Ләззат Шатаеваның авторлық жобасынан тамашалаңыз.