Валерия Прудько. Спорттық бал биінің шебері

Валерия Прудько мейірімді, қамқор отбасында өсіп келеді. Ата-анасы қыздарының спорттық бал биіне әуестігін жан-жақты қолдайды, қандай арманы болса да көмектесуге тырысады. Осындай қолдаудың арқасында 12 жасар Лера қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте жүлдегер атанды. Және қарқынын жоғалтпауға дайын. Себебі бұл – оның кәсіптік жолының тек басы ғана.