«Сәлем, елорда!» концерті

«Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер фестивалінің мақсаты — республикадағы мәдениет мекемелері арасындағы өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту, өңірлердің өнері мен мәдени жетістіктерін кеңінен насихаттап, озық үлгідегі орындаушыларды дәріптеу. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ел тәуелсіздігінің 30 және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы секілді биылғы республикалық маңызы бар мерейтойлар мен жергілікті атаулы даталарды қамту болып табылады.