Хор капелласының бүгінгі жай-күйі

Бағдарламада музыка шығармашылығындағы ең ежелгі жанрлардың бірі туралы баяндалады. Яғни әңгіме хор өнері жайында өрбиді.

Бұл вокалды музыканы бүкіл ұжым бірге орындайтын жанр екені баршамызға белгілі.

Тарихи деректерге сүйенсек, ерте замандарда, тіпті, алғашқы опера пайда болмай тұрған уақытта хор музыкасы вокалға қарағанда әлдеқайда жоғары бағаланатын. Композиторлар да, халық та дәл осы жанрға қызығушылық танытатын.

Осы орайда қазіргі күннің өзінде хорға деген құрмет ерекше екенін айта кеткен жөн.

×