Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжанның танымал опера жұлдыздары

Біз бағдарламамызда көрермендерін тәнті ететін, ажарымен тамсандыратын Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжанның танымал опера әншілерінің шығармашылығы және өмірбаяны туралы айтатын боламыз.

Олардың ішінде қазақ операсының жетекші солисті Зарина Алтынбева, халық «Әзербайжанның жауһары» деп атап кеткен опера әншісі Афаг Аббасова, сондай-ақ Алишер Новои атындағы Мемлекеттік Академиялық Үлкен театрының талантты солистерінің бірі Надежда Бандалетпен сұхбаттасамыз.