Елеке сазы: сақтардан түркілерге дейін

Бүгінгі бағдарламада біз ұзақтығы 3 мың жылдық саяхатқа аттанамыз. Елеке сазы алқабы б.д.д. VIII ғасырда өмір сүрген сақ тайпаларының құпиясын және көне түркілердің ғұрыптарын сақтап жатыр. Ал Берел алқабы екі дәуірдің тоғысында құрлықтың тарихын өзгерткен халықтардың ұлы-көші қонында негізгі рөл атқарған. Көркем Тарбағатай тауларындағы тас-жартастың арасында көкорай шалғынды Елеке сазы алқабы жатыр. Шығысқа қарай 100 шақты шақырым жерде Қытай шекарасы.

Елеке сазының хикаясы тарих тұрғысынан қарағанда ерекше. Бір кездегі қаһарлы перғауындар мен пирамидалар елінің қазіргі Мысырға айналғаны, Еуропа әлемінің мәдени негізін қалаған көне заман жетістіктерін бүгінгі Грекияның есіне алғаны сияқты, қалың ұйқыда жатқан бұл жерден де мүлде басқа замандар өткен.

×