Астана Балет театры

Соңғы 10 жылда еліміздің өнер саласындағы айтулы жетістіктердің бірі – Астана Балет театры. 2012 жылы Елбасының бастамасымен театрдың негізі қаланды. 2013 жылы қойылған алғашқы концерттен бастап-ақ көрермен театрды ыстық ықыласпен қабылдады. Бүгінде ұжымның өнерін жоғары бағалайтын көрермен республикада ғана емес, шетелдерде де мыңдап саналады.