Баку мемлекеттік университетіне саяхат

Баку мемлекеттік университетінде алғашқы дәрістер 1919 жылы жүргізіле бастады. Бүгінде мұнда 20 мыңнан астам студент білім алады. Бұл – білім мен ғылымның өркен жайған ордасы. Университет қабырғасындағы Түркітану кафедрасында қазақ тілі мен мәдениеті де насихатталады. Сондай-ақ университет жанынан ашылған Абай атындағы қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді. Мұнда қазақ мәдениетін кеңінен таныстыру жұмысы оң нәтижесін көрсетіп келеді. Жүздеген студент қазақ әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін зерттеумен айналысады.