Қазақстанда израильдік зертхана іске қосылады

Қазақстанда ПТР-тестілеуді өткізетін израильдік зертхана пайда болады. Енді елде күніне мыңдаған тест жоғары нақтылықпен өткізіледі. Ол үшін шетелдік әзірлеушілер арнайы бағдарламалық жасақтаманы, тіпті пробирканың ерекше түрін жасады.

Айта кету керек, арнайы жабдықталған зертхана Израильдегі Қазақстан Елшілігі мен шетелдік компания басшылығының келісімі аясында ашылады. Құрал-жабдықтарды орнату, оның жұмысын жолға қою және қызметкерлерді оқытуды Израиль тарапы өз мойнына алған.

Акива Раппопорт, енгізу бөлімінің басшысы:

- Кәдімгі түтікшеде тірі және қауіпті вирус болады. Біздің талдамамыз оны анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ ол зерттеу нәтижелеріне әсер етпестен, бірден жойылады. Бұл пайдаланылған түтікшелерді жоюға және қауіпсіздік шараларына кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.