Қазақстан әуе компаниялары «қара тізімде» жоқ

Еурокомиссия Қазақстанның әуе кеңістігінде қауіпсіздіктің жақсарғанын және елдегі авиакомпанияларды Еуропалық одаққа ұшуға тыйым салынған қара тізімге енгізу үшін негіз жоқ екенін атады. Алматы маңындағы «Bek Air» ұшағымен болған әуе апатына алаңдаушылық білдіргенімен, бүгінде Еурокомиссия өкілдерінің Қазақстандағы авиацияны реттеуші органдарға тағар міні жоқ.

«Еуропалық комиссия Қазақстанның елдегі ұшу қауіпсіздігі жағдайын жақсартуға бағытталған елеулі күш-жігер мен бірқатар өзгерістер қабылдағаны туралы қорытынды жасады. Қазақстанның бүгінде қол жеткізген жетістіктерін мойындай отырып, Еуропалық комиссия жағдайдың одан әрі дамуына мониторинг жасап, бағалауды жалғастырады. Осы тұрғыда комиссия EASA және ЕО-ға мүше мемлекеттердің көмегімен Қазақстанға сапар   ұйымдастырмақшы», – делінген хабарламада.