Отандық судьялар халықаралық деңгейде біліктілік арттырады

Онлайн дәрістер, оқыту семинарлары, халықаралық өндірістік тәжірибелер, сертификатталған заңгерлік бағдарламалар және тегін кеңестер.

Жыл сайын «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқық академиясының базасында жетекші халықаралық сарапшылар қазақстандық және Орталық Азия аймағы мамандарымен өз тәжірибелерімен бөліседі. Олардың қатарында танымал заңгерлік ұйымдар мен адвокаттық палаталар бар.

Осындай әріптестіктің нәтижесінде жақында елордада отандық судьялардың біліктілігін артыруға бағытталған бағдарлама іске қосылды. Сондай-ақ бірегей оқыту жобасының аясында сот әкімшілігі мен істерді жүргізуге қатысты түрлі халықаралық бағдарламаларға қолжетімді бола түсті. Жыл басынан қаржы орталығының құқық академиясында 15-ке тарта онлайн семинар ұйымдастырылып, 500-ден астам заңгер мен бизнес өкілі оқытылды. 

 Дэвид Галло, АХҚО Құқық академиясының директоры:

- Құқық академиясының мақсаты – халықаралық деңгейдегі түрлі заңгерлік оқыту бағдарламаларының көмегімен елімізге халықаралық коммерциялық құқық бағытындағы заңгер мамандарды даярлау. Осыған орай бізге клиенттерімізге жан-жақты білім берумен қамтамасыз ету үшін әлемдік деңгейдегі ұйымдармен жұмыс жасау аса маңызды. Бүгінгі таңда 10-нан астам сертификатталған бағдарламаны жүзеге асырып үлгердік. Олардың барлығы жетекші халықаралық әріптестік аясында іске асты. Біз өзгеде жаһандық деңгейде танылған халықаралық аренада тәжірибесі мол ұйымдармен де тығыз әріптестік байланыс орнаттық.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов