«ҮЕҰ академиясы» үшін 2021 жыл серпінді бола түспек

Азаматтық бастамалар орталығы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп «ҮЕҰ академиясы» атты әлеуметтік жобаны іске асыруда. Бастамашы топ өкілдерінің айтуынша, өткен жыл «ҮЕҰ академиясы» үшін пилоттық кезең болды. Ал алдағы уақытта серіктестердің арқасында жоба серпінді бола түспек. Әсіресе ҮЕҰ-ды оқытуға баса назар аударылмақ. Оның ішінде қазақ тілді ұйымдарға.

Лима Диас, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Биыл азаматтық сектордың білім беру қызметтеріне қажеттілікті зерттеу іске қосылды, оның нәтижелері бойынша оқыту бағдарламалары мен оқу кешендері әзірленеді. Кейін бұл оқу бағдарламалары «ҮЕҰ акамедиясының» базасында қалады. Біз 2021 жылы кем дегенде 800 ҮЕҰ-ды 8 тақырып бойынша курс пен жазғы мектептерден өткізуге ниеттіміз. Онлайн оқу форматтарының арқасында «ҮЕҰ академиясы» қоғамдық ұйымдарды, соның ішінде еліміздің өңірлерін қамтымақ. Оның ішінде өз жұмыстарын қазақ тілінде жүргізетін ҮЕҰ-ға баса назар аударылмақ. Себебі қазақ тілді ұйымдар педагогикалық қолдауға көбірек мұқтаж.

«Азаматтық қоғамды дамытудағы ғылымның рөлі» атты онлайн конференцияда сөз алған Лима Диас шараға қатысушылардың пікірі бойынша ҮЕҰ секторының қазіргі жай-күйін көруге және ҮЕҰ үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру шаралары мен жолдарын бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда өткен шара Ғылым қызметкерлері күні аясында ұйымдастырылды.