Қазақстандық оқушылар наурыз айында қалай білім алады?

tengrinews.kz

Қазақстанда аралас білім алуға рұқсат етілді. Бұл елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануының арқасында мүмкін болды. ОКҚ-де өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектептерде қандай талаптарды сақтау керектігін айтты.

Оның айтуынша, наурыз айынан бастап, жалпы білім беретін мектептердің 1-ден 5-ші сыныпқа дейінгі және халықаралық мектептердің 1-ден 7-ші сыныпқа дейінгі балаларына оқу орындарына баруға рұқсат етілген.

Сондай-ақ вице-министр мектепке арнайы формамен бару міндетті емес, сабаққа ұқыпты киіммен баруға болатынын атап өтті. 

Ең бастысы, қауіпті індеттің таралуын болдырмау үшін барлық санитарлық нормаларды сақтау. Егер оқушының отбасы мүшелерінен індет табылса, не болмаса отбасы мүшесі індет жұқтырған азаматпен тілдескен жағдай болса, бала сабағын қашықтан жалғастыра алады.

ШОЛПАН КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

 - Бүгінгі таңда оқушылардың 47 проценті оффлайн форматта, ал 53 проценті қашықтан білім алуда. Осыған байланысты білім ордаларына штаттық форматта және қашықтан өткізілетін пәндерді өз бетінше анықтау құқығы беріледі. Десек те, министрлік тарапынан әдістемелік ұсыныс дайындалып, олар барлық білім беру ұйымдарына жеткізілді. Оған сәйкес, негізгі пәндерді штаттық форматта, ал еңбек, музыка сияқты пәндерді қашықтан оқыту ұсынылды.

×