Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі

Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев орталығының алаңында талқыланды. Сауд Арабиясы, Мысыр, Ватикан, Үндістан, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан, Иран және Қазақстан елдерінің діни бірлестіктерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, беделді сарапшылар  тұрақтылық пен келісім – тиімді және пәрменді прогрестің іргетасы деген пікірге келді. Ұйымдастырушылар аталмыш конференция Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралардың шымылдығын түргендігін атап өтті. Мерейтойлы жыл аясында бірқатар тақырыптық жиын өткізу жоспарланған. Аталған іс-шаралар дін көшбасшыларын конфессияаралық диалогты нығайтуға тартуды, сондай-ақ ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлердегі ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді. Кездесуге қатысушылар күзде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік діндер лидерлері съезінің хатшылығына дайындық аясындағы жұмыс барысын да талқылады.

БУЛАТ СӘРСЕНБАЕВ, КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ Н.НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

– Қазан айында әлемдік діндер лидерлері съезінің хатшылығын өткізу жоспарлануда. Бұл – маңызы үлкен, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін іс-шара. Қазақстан тарапы бұл жолы хатшылық отырыстың күн тәртібіне «Пандемия жағдайындағы күрделі кезеңде рухани лидерлердің рөлі қандай? «Бүгінде үлкен сын-қатердің алдында тұрған елдердің үкіметтеріне, мемлекеттік мекемелеріне дін өкілдері қалай қолдау көрсете алады? дегендей мәселелерді ұсынып отырмыз. 

Авторы: Ақзер Сегізбай