Қазақстанда халық санағы онлайн жүргізіледі

ktk.kz

1-ші қыркүйекте қазақстандықтар арасында санақ жүргізу басталады. Науқан 15-ші қазанға дейін, яғни 1,5 айға жалғасады. Бұл жөнінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен арнайы комиссияның отырысында айтылды.

Бар үрдіс онлайн түрде өтеді. Тізімде бар-жоғын анықтау үшін азаматтар sanaq.gov.kz сайтына тіркелу қажет. Онлайн тұғырнама тәулік бойы жұмыс істейді. Әрбір азамат өзінің және отбасының атынан тіркеу парақшасын толтыруға құқылы. Ал тізімде жоқтарды мамандар қазан айының 1-нен 30-ына дейін үй-үйді аралап тіркейтін болады. Ол кезде барлық санитарлық талаптар ескерілетін болады дейді, мамандар.

Мәліметтер арнайы мобильді қосымша арқылы планшетке жазылады. Бұл ақпараттың нақтылығы мен қайталанбауын қамтамасыз етеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

×