Елордалық қолдан авторлық қуыршақтар жасайды

inform.kz

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Татьяна Привалова бір жарым жылдың ішінде қолдан 30-дан астам қуыржақ жасады. Алдымен бос уақытында жай ғана ермек ретінде басталған әуестік кейіннен күнделікті атқаратын сүйікті ісіме айналды, дейді шебер. Он қолынан өнер тамған нәзік жанды еңбек жолының негізгі бөлігін экономист болып қызмет еткен. Тек жүктілік демалыс кезінде  алғаш рет қолына қылқалам мен пластик алған.

Татьяна Привалова, қуыршақ жасау шебері:

- Мен Телебағдарламалардың бірінде ермексаздан қуыршақ сомдайтын әйелді көрдім. Оның жасағанын қайталағым келді. Арнайы көркемөнер бойынша білімім болған жоқ. Ешбір үйірмелерге қатысып көрген емеспін. Сурет салудан да алшақ едім. Барлық үлгілері өз ойымнан шығарамын.  

Қуыршақ шашы ешкінің түбітінен, көздері тас моншақтардан жасалады. Сондай-ақ, француздық шілтерді қолданады. Әр құрамдас бөлігі ұқыпты таңдалады. Ең бастысы, шығармашылық шабытыңды оята білу керек, дейді шебер.

Айгерим Акимжанова, корреспондент:

- Ангелина, Алиса, апалы-сіңлі Луиза мен Меланья, Динара, Ақерке мен Жәнібек. Әр қуыршақтың өз аты бар. Олардың біреуін жасау үшін шебер екі аптадан екі айға дейін уақыт жұмсайды. Ойыңдағы бейнені шынайы етіп шығару үшін қылқалам шеберімен қатар мүсінші бола білу керек. Сондай-ақ шаштараз, стилист, тігіншінің ісін қатар алып жүру қажет.

Әрбір қуыршақтың баламасы жоқ. Бірегей туындылар ерекшеленіп тұрады. Олар сиқырға толы ертегілердің кейіпкерлері сынды. Еріксіз балалар әлеміне саяхат жасатады. Олардың бірі - Хан Жәнібек.

Татьяна Привалова, қуыршақ жасау шебері:

- Мен жасаған Хан атты қуыршақтың бейнесін Қазақ хандығы фильмінен алдым. Ондағы актер менің шабытымды оятып, қуыршақты бар болғаны 40 минутта жасап шықтым. Ол ұзақ жыл ғұмыр кешкен дана хан. Сондықтан оны жас емес өмірдің бейнеті мен зейнетін көрген аға буын кейпінде жасағым келді. Ол қол бастаған даңқы батыр әрі ақылды Хан.  

Әзірге шебердің қорында ұлттық нақышта жасалған тек үш қана қуыршақ бар. Татьяна бұнымен шектелмейтінін айтады. Алдағы уақытта қазақтың атақты батырларының мүсінін сомдауды жоспарлап қойыпты. Ол бейнелер өжеттілік пен батылдықты танытуы тиіс. Шебер туындыларын халықаралық көрмелерге шығаруды да көздеп отыр. Олардың бірі осы айда Мәскеуде өтеді. 

Татьяна Привалова, қуыршақ жасау шебері:

- Бұндай туындыларға адамдар қызығушылық танытады. Әсіресе халықаралық көрмелерде. Мәселен былтыр Қазақстаннан ешкім болмады, тек Қырғыз елінің өкілдері қатысты. Мен оны өзім тамашалау үшн барған едім. Өйткені маған қуыршақпен қатар оның киім-кешегі, оларды ұлтық нақышта қалай безендіруге болатыны қызық. Әрбірі келіп оның қалай жасалғанын сұрайды. Ою-өрнектердің мағынасын білгісі келеді. Жалпы, ынта танытатын адамдар көп.

Бұл аса күрделі қолөнер түрі болғанымен, қуыршақ жасау ісі жанға шипа болар арт-терапия сынды, дейді Татьяна. Алайда өз ісіңнен ләззат алу үшін оны сүйе білу керек.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов

 

 

×